2021 жылы қыркүек айында жемқорлыққаи қарсы білім беру, жемқорлыққа қарсы іс - шаралар ұйымдастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер қлубы құрылып, жылдық жоспар бекітілді. Ұйым мұшелері сайланып, бекітілді.
1.Қуат Бақдаулет 9 - сынып оқушысы
2.Орынбасар Әлібек 9 - сынып оқушысы
3.Алимбек Медина 9 - сынып оқушысы
4.Алмасұлы Шоқан 8 - сынып оқушысы
5.Арын Ақерке 8 - сынып оқушысы
6.Амандулла Мадина 8 - сынып оқушысы
7.Нұртай Нұртас 7 - сынып оқушысы
8.Темірбек Дінмұхаммед 7 - сынып оқушысы
9.Арын Назерке 10 - сынып оқушысы
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының мақсаты: Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының міндеттері: Рухани - адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру, саяси құқықтық білімді қалыптастыру. Сыбайлас жемқорплыққа қарсы мінез - құлқының адамгершілік - этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
Қыркүйек айында 5 - 10 сынып аралығында «Адал ұрпақ» ұйымына оқушыларды қабылдау мақсатында салтанатты жиын өтті. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының басшысы 10 - сынып оқушысы Арын Назерке, секция жетекшілері Алмасұлы Шоқан, Арын Ақерке, Алимбек Медина.
Қлуб 9 оқушыдан тұрады. «Адал ұрпақ» ұйымына қабылданған 7 - 9 сынып оқушыларына «Адал ұрпақ» эмблемасы және сары, көк түсті шарфты ұйым басшылары тақты.
Қазан айында «Адал ұрпақ» бойынша 5 - 10 сыныптар арасында жиналыс өтті. Жиналыста клубтың мақсатымен, міндетімен, клуб мүшелерімен таныстырылды. Жылдық жоспармен таныстырылды. Осы жиналыста мектеп призиденті Арын Назерке «Заңды білу - заман талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада оқушылардың міндеттері мен құқықтарымен таныстырылды. Жоспарға сәйкес 1 - 11 сынып аралығында қазан айында адалдық сағаттары әр - түрлі тақырыптарда өтті.
Қазан айында «Адал ұрпақ» аудандық, аймақтық сайыс өтті. Сайысқа 5 мектеп қатысты, атаулы сайысқа біздің мектеп «Парасат» командасы құрылып, қатысты.
Байқау шарттары:
1 - «Топбасшы сайысы» Топбасшы ұйымның аты, ұраны,ұйымның алға қойған мақсаты, жұмыс жоспарымен таныстырады қорғайды. (5 мин.)
( Слайдпен, қойылыммен, ән, өлең шумақтары т.б таңдаған жанрында қорғайды).
2. «Жеке сайыс» (Команданың бір ойыншысы ұйымның эмблемасы, арнайы киімін (өз шығармашылығымен дайындалған) қорғайды. (2 минут)
3. «Командалық жұмыс» Жоғарыда көрсетілген тақырыптардан таңдалған тақырыпқа сыбайлас жемқорлыққа байланысты көрініс көрсетеді. (5 минут)
(Көрініс сапалы, тақырыпқа сай, музыкамен әрленген болуы шарт) делінген.
Аудандық «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб үздіктерінен құралған оқушыларды сахнаға шақырылып, еріктілердің логотиптерімен ант қабылдау рәсімімен таныстырылды (сахнаға барлық мүшелер логотиптерін алып шықты, команданың атын, ұраның, жылдық жоспарымен шығармашылықпен таныстырды).
05 Тамыз 2024
Жемқорлыққа қарсы күрес
"Адал ұрпақ" жылдық жұмыс
Жаңалыктар
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар