Тақырыбы: «Біздің таңдауымыз- жемқорлықсыз болашақ»
Мақсаты:
1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;
Түрі: интеллектуалды сайыс
Қатысушылар: 9 - 11 сыныптардан, 2 оқушы, сынып жетекшіден
1 - жүргізуші: Армысыздар, қонақтармен ұстаздар және сайыскерлер. Бүгінге біздің : «Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ»атты сайысымызға қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Сұрақтармен бастарыңды қатырамыз
«Жемқорлық» ұғымын ұғындырып,
Аз да болса, білімдеріңізді толтырамыз.
1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы топтармен танысып өтейік:
9 «А» сыныбы
9 «Б» сыныбы
10 сынып
11 сынып
2 - жүргізуші: Сайысымыздың барысы:
I. Заңдар сайысы (заң баптары бойынша)
II. "Жемқорлыққа жол жоқ!" (көрініс көрсету)
III. Миға шабуыл (венгр сөзжұмбағы, жемқорлыққа қарсы терминдері табу)
IV. "Жемқорлыққа қарсымыз!" (эссе)
1 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер сарапшылар ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы - мамандар әділ - қазылар алқасын таныстырсақ:
1.____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
1 - жүргізуші: Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық - ел ішіне білінбей кірген індет секілді.
2 - жүргізуші: Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз - қоғам. "Қоғам - өмірдің айнасы" дейміз ғой. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады.
1 - жүргізуші: I. Заңдар сайысы (заң баптары бойынша) Әр топ өздері білетін заңдарды айтады.
Қазақстанда сондай - ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік - құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.
• ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228 - бап),
• Коммерциялық сатып алу (231 - бап),
• Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану (307 - бап),
• Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану (308 - бап),
• Пара алу (311 - бап),
• Қылмыстық жалғандық жасау (314 - бап)
2-жүргізуші: Келесі кезекті "Жемқорлыққа жол жоқ!" көрініске берейік. Әр топ көрініс көрсетеді.
«Адал Ұрпақ» мүшелері видеоролик көрсетеді, жемқорлыққа қарсы нақты ойларын айтады.
1 - жүргізуші: Ендігі кезекті Миға шабуыл - ға береміз. Әр топқа венгр сөзжұмбағы беріледі.Жемқорлыққа қарсы терминдерді табу.
Жауабы: пара алмау, білімділік, жауаптылық, адалдық, шыншыл,ізденімпаз, батыл, қамқоршы т...б
Көрермендерге: «Адал Ұрпақ» мүшелері өткізеді.
1 - тапсырма: Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақшамайдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айса да, соңынан бұл істін қалжың емес екендігін ұғып қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі беруге айтсаң, онда жақсылық бомайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.
Сұрақтар:
1.Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген?
2.Ерлан мен марат қандай қылмыс жасады?
3.Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
2 - тапсырма.Нұрлан 5 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген талабы жақсы. Оқыса жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата - анасының тәрбиесібаланы жолдан тайдырады. Нұрланның ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады. Кейде тіпті апталап келмей қалатын кездері де болады. Мектепте, сынып та ата - аналарға байланысты өтетін жиындарға да келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата - анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата - анасы құрғақ уәде беріп құр шығарып салады. Бірер күн өткен соң жаңағы оқиға қайта қайталанады. Білім алу баланың басты міндет екенің біле тұра оны орындау да әке - шешесі салғырттық танытады.
Сұрақтар:
1. Нұрланның ата - анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2.Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?
3.Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
3 - тапсырма: 4 - сыныпты сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып тынығып, қыркүйекте мектепке келді. Биыл орта буын яғни 5 - сыныпқа келген соң өзін - өзі бір есейіп қалғандай сезінді. Әрбір істеген жұмысына өзінше бір есеп беріп отыратын болды. Жалғастың қыркүйек айындағы тынымсыз еңбекке толы күндері өтіпжатты. Ол енді мектептегі бір үйірмеге қатысып бойындағы ерекше бір қабілетін шындауды мақсат санады. Сөйтіп мектептегі «Тұмар» пікір - сайыс клубына жазылмақшы болып біо шешімге келді. Осы ойын ата - анасына жеткізді. Ата - анасы Жалғастың ойына қарсы болады. Оны анасы ағылшын тілінен өтетін үйірмеге өзі жазғызып қойғаның, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының қажет екендігін заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты. Ал, Жалғастың бар ойлағаны өзінше бір жасаған шешімі құмға сінген судай жоқ болды да кетті. Үнемі ата - анасының айтқаның дұрыс санап соны басты назарға алатын Жалғас тағыда ата - анасымен келісуге мәжбүр болды.
Сұрақтар:
1. Жалғастың ата-анасының іс-әрекетің қалай бағалайсыз?
2. Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр?
3.Жалғастың ата-анасының шешімімен келісуі дұрыс па?
2 - жүргізуші: Соңғы кезеңіміз "Жемқорлыққа қарсымыз!" Әр топ эссе жазады.
1 - жүргізуші: Сонымен интеллектуалдық сайысымыздың қорытынды балы мен жеңген команданы жариялап, марапаттау үшін сөзді сарапшы-мамандар алқасына береміз.
(Сарапшы - мамандар алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады.
Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен марапатталады)
2 - жүргізуші: Қорытынды: Қазіргі өмір талабына сай ғылым жолы ауыр да қиын, әрі қызықты. Тек қана төзімділік еңбекқорлық пен тапқырлық сіздерді ғылым жолында алға жетелейді. Отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңыздар!