05 Тамыз 2024
Қамқоршылық кеңестің жылдық есебі

Қамқоршылық кеңес хаттамасы

Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Х А Т Т А М А № 10

25.03.2019 жыл «Ж.Бәрібаев атындағы орта
мектеп МДШО» МКМ
Қатысқандар
Қамқоршылық кеңес төрағасы -
Жекебаев Р Ақжар орман
шаруашылығының басшысы
Қамқоршылық кеңес мүшелері
Сихымова Г ата - ана
Алдажанов Ержан - Ақжар
ауылдық округінің маманы
Искакова Радиогул - зейнеткер
Деңгелбаев Нұрлан - орман шебері
Проценко Антонина - электр шебері
Карбутовская Виктория - ата - ана
Қанапияев Алтынғали - кәсіпкер
Төлжарасова Ж - кәсіподақ ұйымының төрайымы
Мектеп директоры Болсынбек Е.Н,
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Халыкова К.Т

Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы есебі
2. (Мектеп директоры Болсынбек Е.Н)
Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 8.02.2019 жылдан 25.03.2019 ж аралығындағы Қамқоршылық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы мектеп директоры сөз алды. Өз сөзінде мектеп директорының 8.02.2018 жылғы бұйрығына өзгеріс енгізу мақсатында қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің ережелеріне сай болмауына байланысты Қамқоршылық кеңес құрамы қайта құрылып бекітілуі жөнінде 21.01.2019 ж № 27 - Ө бұйрығы берілді. Қамқоршылық кеңестің төрағасы Жекебаев Рустемнің басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа төрағасы Қанапияев Алтынғали болып өзгертілді.Қамқоршылық кеңестің атқарылатын жұмыстарының маңыздылығына тоқталып өтті. «Қамқоршылық» кеңесінің жұмысы жайлы Қазақстан Републикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары. Жалпы ережелерге тоқталып өтті. Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайлары бар балалардан басқа да, оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға деп қарауымыз керек. Біздің мектепте қазіргі таңда жетім бала жоқ. Жартылай жетім, көп балалы, толық емес, мүгедек бала, аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету, осы аталған балалардың денсаулықтарын нығайту мақсатында сауықтыру шараларын өткізу, денсаулықтарын жақсарту, мектептің материалдық - техникалық базасын жақсарту, мектеп оқушыларын экскурсияларға, серуенге, мәдени орталықтарға апару болып табылады.Осындай аталған сауықтыру орындарына бару үшін әр балаланың әлеуметтік жағдайы анықталып, барлық оқушының шығыны қаражат мәселелеріне келеді.
2. Қамқоршылық кеңес төрағасы - Жекебаев Р Ақжар орман шаруашылығының басшысы сөз алды.
Қамқоршылық кеңестің осы аралықта атқарылған жұмыстар жайлы айтып өтетін болсам мектептегі өткізіліп отырған барлық шараларға мектеп ата - аналары, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысып отырды. Аз болса да демеушілік тарапынан түскен қаржыны кеңес мүшелері балалардың әлеуметтік жағдайын анықтап адал бөлуге тырысамыз. Жазғы сауықтыру шараларына бірінші кезекте мектептің әлеуметтік жағдайы анықталған балалар тартылып, қала маңындағы сауықтыруға Жалпыға бірдей міндетті білім қорынан бөлінген қаржыға тегін жолдамамен барады. Биылғы оқу жылында мектептің оқу үздіктері мен қатар көпбалалы отбасының 10 баласы Текелі қаласындағы «Эдельвейс» лагеріне барып демалып қайтты. 2018 жылдың 3 тамыз және 30 қыркүйек аралығында ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару тралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР Заңының 37 бабына Алматы облысы әкімінің № 92 - ө, Балқаш аудандық білім бөлімінің 2018 ж 3 тамыздағы № 168 бұйрығына сәйкес 2018 жылдың 3 тамыз және 30 қыркүйек аралығының әр он күндігінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп отырды. Акция барысында мектептің көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, жартылай жетім отбасы балалары Сатыбалдиева Индира 7 сынып, Кеңесұлы Еркін 4 сынып, Берікұлы Сағият 3 сынып, Шинтас Асқар 2 сынып, Алимжанқызы Аружан 4 сынып, Басшыбаева Нұрай 7 сынып, Нұрханов Әділет 6 сынып, Нұрбосын Жаннұр 2 сынып, Болатхан Айдар 4 сынып мектепке қажетті оқу құралдары, спорттық киім, аяқ киім, сөмке, мектеп формалары алынып берілді.
26.12.2018 ж Аудан әкімінің Жаңа жылдық мерекелік шыршасына көпбалалы отбасының 3 сынып сынып оқушысы Нұрболұлы Әль - Фараби қатысып, қыстық жылы киімді сыйлыққа алып қайтты.қайырымдылық акциясы барысында жергілікті ауыл тұрғындарының демеушілігімен мектептің жартылай жетім отбасы баласы Кеңесұлы Еркін 4 сынып оқушысына спорттық киімдер алып берілді.
Жарыссөзге қатысты қамқоршылық кеңес мүшесі ата - ана Сихымова Г.Е
Қамқоршылық кеңестің бір жылғы атқарылған жұмыстары жайлы есебін тыңдадық. Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар өз жүйесін табады деп сенемін. Өткен жылғы атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деп баға беремін. Қамқоршылық кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.
Қамқоршылық кеңесі төмендегідей шешім қабылдайды:
2019 жылғы наурыз айындағы Қамқоршылық кеңестің жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын

Қамқоршылық кеңес төрағасы Қанапияев А
Қамқоршылық кеңес хатшысы Төлжарасова Ж.Қ
мүшелері Алдажанов Е
Искакова Р
Деңгелбаев Н
Проценко А
Карбутовская В
Қанапияев А

Пайдалы ақпараттық ресурстар