«Ж. Бәрібаев атындағы орта мектебі МДШО»МКМ - де16 маусым күні «Түлек 2022 - Жаңа Қазақстан ертеңі!» атты мектеп бітіруші түлектерге білім басқармасының 18.05.2022ж №42 - 42/621 хатына сәйкес «2021 - 2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімдерін бекіту туралы» аудандық білім бөлімінің №671 бұйрығын негізге ала отырып салтанатты жиын өтті.
Биылғы оқу жылы 3 оқушы аяқтап, салтанатты жиынға мектеп бітіруші түлектер мен арнайы шақырылған қонақтар Балқаш аудандық жергілікті Агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Рақышев Самат.
Ақжар ауылдық округінің әкімі Момынқұлов Айдос Байболатұлы
Ардагер ұстаздарымыз Қасабекова Нұржамал ,Кульчанова Берікбала, Шопанбаева Гулмария
Ауданымыздың құрметті азаматы Қалисанова Ғалия Еркеғалиқызы
Мектеп алды шармен, банермен безендірілді. Мектеп директорының бұйрығымен арнайы кезекшілік құрылған. Іс - шарада аниматорлар, мерекелік агенттіктер, салтанатты дастархан, әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтар берілген жоқ. Салтанатты жиын мемлекеттік гимнімен басталып, арнайы бағдарлама бойынша өткізілді. Келген қонақтар құттықтау сөз сөйледі. Мектеб бітіруші түлектер ұстаздарға арналған ән айтып, жиын соңында қоштасу биімен аяқтады. Жиын барысында ешқандай келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ.
08 Шілде 2024
Ic - шаралар
"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстан ертеңі" аттестат табыстау жиыны
Жаңалыктар
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар