Мектебімізде 5 қазан - ұстаздар күні мерекесіне орай “Дублер күні” ұйымдастырылып, 10-11 сынып оқушылары пән мұғалімдерінің орнына сабақ берді.
Іс-шараны ұйымдастыру барысында оқушылар мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, пән мұғалімдерімен бірге сабақ жоспарын құрастырды. Күн қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өткізіліп, дублер болған әр оқушы өз пікірлерімен бөлісті.