Желтоқсан айының 27 - сі күні 1 - сынып оқушыларымен «Қош бол, Әліппе» - тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін - өзі басқаруға үйрету. Оқушылар Әнұранды айтып ертеңгілікті бастады. Мектебіміздің басшысына сөз берілді. Ортаға Әліппе шақырылып, оқушылар ары қарай тақпақ, өлеңдерін айтып жалғастырды. Ортаға Әліппе кітабы - оқушылардың оқи - жаза алатынына көзін жеткізу үшін «Қолшатыр » әдісін ала келіпті. Ортаға «Ана тілі» кітабы келіп, оқушыларға тілегін айтып, енді одан да көп оқитындарын ескертіп,«Ана тілі» кітабын табыстады. Сонымен қатар ата - аналарға түрлі ойын түрлері ойнатылып, ой ұшқырлығына құрылған есептер берілді.
10 Шілде 2024
Әдістемелік жұмыстар
"Әліппемен қоштасу"ертеңгілігі
Жаңалыктар
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар