Қыркүйек айының 3 аптасында «Жас ұлан» өзін - өзі басқару ұйымының ақпарат министрінің Елшібай Ғайнидің ұйымдастыруымен А.Байтұрсыновтың шығармашылығынан бір тақпақ айтып ұйым мұшелеріне жіберіп, жинақтап видеоролик әзірледі. Аудармашы, ғалым, жазушы А.Байтұрсыновтың аудармаларын, мысал өлеңдерін, тақпақтарын жатқа айтып бір - біріне жолдады. Сонымен қатар, «Оқуға құштар мектеп» жобасысының аясында А. Байтұрсынұлының өмір жолымен, еңбектерімен таныс болды.
5 - қыркүйек күніне орай «Ана тілің - арың бұл» тақырыбында мектепішілік тілдер мерекесіне арналған мерекелік видеотүсірілім әзірленді. Мектепішілік видео 5 - сынып оқушыларының тілдер туралы тақпақ айтуымен басталды, Берілген жырларды оқушылар жүрекпен жақсы мәнермен айтты. Әр сынып оқушылары өздерінің ана тілдеріне арналған әндерін, шығармашылықпен шығарған тақпақтарын мәнерлеп оқып берді. Жалпы тілдер мерекесіне арналған бағдарлама алдын - ала жоспарланып, бір аптаға созылды. Жоспар бойынша ең алдымен тілдер мерекесінің салтанатты ашылуы видеосы, одан кейін әр тіл пәндерінің мұғалімдері жоспар бойынша жоспарланған тілдерге байланысты бағдарламаларын, сайыстарын, интеллектуалдық ойындарын сынып бойынша өткізді сынып сағаттарында. Тілдер мерекесіне арналған видеотүсірілімде 10 - сынып оқушысы «Жас ұлан» ұйымының президенті Арын Назерке құттықтау сөз сөйлеп, А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып кетті. Әр сынып оқушылары тілдер апталығына қатысып, аса белсенді оқушылар турлі марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен барлық қоғамдық дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту, уақытылы профилактикалық тексеруден өту арқылы денсаулықты нығайтуға тарту мақсатында Ж.Бәрібаев орта мектебінде қыркүйек айында «Денсаулық фестивалі» өтті. Осыған орай 5 - 9 сынып оқушылары флешмоб ұйымдастырды. Дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Нұрбосынов Е.Н. ұйымдастыруымен, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының жас спортшылары спорттық ойындарға қатысты. Мектептің спортзалында 7 - 10 сынып оқушылары арасында эстафеталық ойындар бойынша командалық жарыс өтті. 2 команда «Сұнқар» мен «Қырандар» командасы түрлі спорттық ойындар арқылы жарысты. Екі топ та бірдей ұпай жинап тен түсті. Эстафеталық ойынға қатысқан командалар марапатталды.«Жас ұлан» ұйымының спорт министрі 10 - сынып оқушысы Арын Еламан мен мәдениет министрі 8 - сынып оқушысы Амандулла Мадинаның ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі - 2021» , «Әрқашан мықты, салауаттыбол!» -деген ұранмен видеотүсірілім әзірленді. Видеода спорттық ойындар, спорттық би, денсаулық жайлы қанатты сөздер көрініс алды.
Қыркүйек айының саңғы аптасында күзгі еңбек пен күзгі табиғатқа арналған видеоролик ұйымдастырылды. Видеороликті ұйымдастырған «жас ұлан» ұйымының вице - президенті 9 - сынып оқушыс Алимбекова Медина. Видероликте күзгі еңбек, күзге арналған тақпақтар, оқушылардың «Алтын күз» тақырыбына арналған суреттері көрініс тапты. Сонымен қатар, сынып жетекшілер «Алтын күзге» арналған әр тақырыпта сынып сағаттарын өткізді. 1 - 4 оқушылар арасында «Алтын күз» тақырыбында сурет көрмесі, оқушылардың қолдан жамағанбұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары «Алтын күз» тақырыбында салған суреттері, жасаған бұйымдары республикалық байқауға жіберіліп, түрлі марапаттарға ие болды.
1 - қазан күні ауыл қарттарына арналған «Қариясы бардың-дариясы бар» атты қарттар күніне дайындалған мерекелік видеотүсірілім әзірленді.Мерекелік шарада оқушылар ұйымы да қарттарға арнап тақпақтар айтып, қарттар жайлы қанатты сөздерге тоқталып кетңп, өз үлестерін қосты. Видеотүсірілімді «Қызғалдақ» қыздар ұйымының басшысы 8 - сынып оқушысы Арын Ақерке және білім министрі 8 - сынп оқушысы Алмасұлы Шоқан ұйымдастырды.Осы аталған іс - шараға ауыл қарттары өз ризашылықтарын білдіріп жатты. «Жас қыран» оқушылар ұйымы қарт әжелердің үйлеріне барып, шаруашылықтарына көмек көрсетті.
Халқымызға көптеген еңбегі сіңген, қазақ халқының батыры, құрметті азаматтарының бірі Ж.Бәрібаевтың туғанына 2021 жылы 122 жыл болған екен. Осыған байланысты 20 қазан күні оқушылар жиыны өтіп, Ж. Бәрібав туралы ауқымды түрде баяндама оқылды. Баяндамада ол кісінің туылған жері, оқыған оқу орны, жасаған еңбектері толығымен қамтылды. Соңымен қатар, осы баяндама оқылғаннан кейін тыңдаған оқушыларға осы баяндамада оқылған оқиғалар жайлы пысықтау сұрақтары қойылды. Әр оқушылар өздерінің жауаптарын айтып, осы оқиғаға бойланысты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісіп жатты. Осы сұрақтар арқылы оқушылар тағы да Ж.Бәрібаев атамыз жайлы өз ойларын толықтырғандарын байқадық.
Ұстаздардың мейрамына арнап мектеп оқушылары «Жас Ұлан» оқушылар ұйымының басшылығымен мектеп мұғалімдеріне арнап мерекелік бағдарлама әзірледі.таңертең сабақ алдында ұстаздарды құттықтау сөзімен, көңілді әуенмен қарсы алды. Мұғалімдерге арналған құттықтау жәшігі алдын - ала әзірленді. Оқушылар ұстаздарға арналған құттықтаулар жазды. Мереке қазіргі коронтин жағдайына байланысты онлайн форматында жалғасын тапты. Мектеп президенті 10 - сынып оқушысы Арын Назерке ұстаздарға арналған бейнеролик ұйымдастырды. Оқушылар мұғалімдерге арналған тақпақтар, ұстаздар жайлы қанатты сөздер айтты. Мерекелік бағдарламаға 5 - 10 сынып оқушылары қатысты . Соңымен қатар, жұма күні «оқушылар ұйымы» ұстаздарға құрмет көрсетіп, өзін - өзі басқару күнін өткізді. Дәліздер алдын - ала талапқа сай безендіріліп, ұстаздарға арналған қабырға газетін «Жас ұлан» оқушылар ұйымы ұйымдастырды.
«Жас ұлан» оқушылар ұйымының арасында «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында 7 - 9 сынып оқушылары арасында тәрбие сағатты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға қандай әдет - қылықтардан бойын аулақ ұстау керек, қандай адамдардан үлгі алу керек деген сауалдарқойылып, талқылынды. Қазақтың біртуар азаматтарының өмірінен мысалдар келтірілді. Абай, Ыбырай, Бауыржан, Қонаев т.б. ұлы адамдардың өмірінен мысал келтіре отырып, қанатты сөздері талқыланды. Қазақтың үлгі тұтар осы аталған азаматтардың шығармашылық өмір жолымен оқушылар жақыңырақ таныстырылды.
Қазан айының 3 аптасында «Ақша - адамзаттың өмір табысы» тақырыбында 8, 9 сынып оқушылар арасында пікір - талас өтті. Пікір - таласта ұйым президенті
Арын Назерке теңгенің шығу тарихы, банкноталар жайлы деректер оқып, танытырды. Оқушылар Ұлттық валютаның шығу тарихы жайлы көптеген деректер алды. Сонымен қатар, теңгенің құлдырауы жайлы пікірді ортаға салып, ақша үнемдеу, табыс табу, экономиканы құлдыратпау жайлы оқушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Мектеп бойынша «Бірінші Президент» күніне арналған «Елін сүйген - Елбасы» атты 1 - 11 сынып аралығында мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиын Н.Назарбаевтың жастық шағынан басталып, оның қалай президент болғаны туралы деректер келтірілді. Елбасына арналған тақпақтар айтылды. Тақпақтар Елбасының бала кезінен президент болған шақтарын қамтыды. Сонымен қатар оның жасаған еңбектері туралы мысалдар келтіріліп, балалық шағынан бастап, еңбек жолына арналған арнау өлең - жырлары айтылды. 8 - сынып оқушысы Алмасұлы Шоқан президент өмірінен көрініс қойып шықты. Осы мерекелік іс - шарада «Елім менің», «Үшқоңыр» атты президенттің әндері шырқалды. Сонымен қатар мектеп оқушылары «Шашу», «Қара жорға» билерін биледі, патриоттық «Атамекен», «Жүрегім қазақ» әндері шырқалды. Аудынымыздың құрметті азаматы Қалисанова Ғ.Е. президентпен кездескені жайлы, ол кісінің еңбегі жайлы өз ойымен бөлісті. Келген қонақтар сөз сөйлеп, оқушыларға танымды, өнегелі әңгіме айтып берді. Сынып жетекшілер апта бойы Бірінші Президент күніне арналған әр тақырыпта сынып сағаттарын өткізді.
Желтоқсан айында 8, 9 сынып аралығында дебат ойындары өтті . Екі команда 9 - сынып оқушылары «Сұңқар» , 8 - сынып оқушылары « Жалын» командасы болып пікірталас алаңына шықты. 8 - сынып оқушылары жақтаушылар «Жалын» командасының спикерлері Алмасұлы Шоқан, Амандулла Мадина, Арын Ақерке. 9 - сынып даттаушылар «Сұңқар» командасының спикерлері Орынбасар Әлібек, Қуат Бақдаулет, Алимбек Медина. Әр сыныптың спикерлері өз ойларын еркін жеткізіп, нақты дәлелдер келтіріп, өмірмен байланыстырып, статистикаға сүйене отырып, ойларын ортаға салды. Спикерлердің үлкен дайындықпен келгені сөз саптауларынан, дәлелдеулерінен білініп тұрды. Қарсылас командалар бір - біріне сұрақ қойып, өз ойларын нақтылап, сұрақтарға проблемалы түрде талқылап жауап берді. Екі команда да жақсы өнер көрсетті, дегенмен де 8 - сынып оқушылары өткір ойларымен 1 - орынға ие болды. «Жалын» тобының үздік спикері Алмасұлы Шоқан атанса, «Сұңқар» командасының үздік спикері Қуат Бақдаулет атанды.
1-желтоқсан СПИД - ке қарсы күрес күніне орай іс - шара өткізілді.7 - 11 сынып оқушылары қатысты.Іс - шара психологиялық ахуал ұйымдастырудан басталды. «Мен жақсы көремін» ойыны.
Ойын шарты: Дөңгеленіп тұрған балалар бір - біріне доп лақтырады. Доп кімнің қолына түссе, сол бала кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы, мен анамды жақсы көремін. Өйткені, ол менің ең жақын адамым. Немесе мен Айшаны жақсы көремін,өйткені ол ақылды, сыпайы т.б.Ойының соңында доп жүргізушінің қолына тиеді. Денсаулық, әдептілік, тазалық, салауаттылық деп топқа бөлінді. Слайд арқылы түсінік берілді. СПИД туралы түсініктерін жетілдіру мақсатында постер қорғады. Постер қорғауға арнайы кітапшалар таратылды. Таратылған кітапша ішінде СПИД - ке қатысты ақпарат толық жазылған. Жалпы постер қорғау барысында оқушылар СПИД дерті туралы толық ақпарат алды. Осы таным сағатта оқушылар ақпарат ала отырып сұрақтарға жауап берді. Берілген ақпарат бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар білгендерімен бөлісті. Жалпы осы ғасыр дерті бойынша оқушылардың ақпаратты түсінгені білінді.
15 желтоқсан күні «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысында еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері сараланып, мерекелік кешке ұласты. Жиын соңында мектептің бала тәрбиесіне ерекше үлес қосып, жетістіктерге жеткен ұстаздар мен сабақтарын жақсы оқып, үздік деп танылған оқушылар мектеп директоры тарапынан марапатталды.
Жиын басында «Жас Ұлан», «Жас Қыран» оқушылар ұйымына кіретін 1,5 - сынып оқушылары ант тапсырып, жасөспірімдер мүшесі болып қабылданды. Әр топ басшылар анттарын «Жас Ұлан» Елшібай Қанағат, «Жас Қыран» Хабаркелді Алуа, мектеп президенті Арын Назеркеге тапсырды. Үздік оқитын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» белгілерін 1,5 - сынып оқушыларының төсіне тағып, галстуктарын мойындарына тағып берді.. Жиын мерекеге арналған әндермен, билермен аяқталды. 8,9 - сынып оқушылары Қ.Рысқұлбековтың өмірінен көрініс койды. Жиын патриоттық әндермен, тақпақтармен, тарихи оқиғалармен өз жалғасын тапты. Марат Расул, Амандулла Мадина мен Арын Ақерке, мектептің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Нұрбосынов Ерғазы патриоттық әндер орындады .7, 8 - сынып оқушылары қазақ биін биледі. 7, 8, 10 - сынып оқушылары Тәуелсіздікке арналған тақпақтар айтты.
Мектеп бойынша Жаңа жыл мерекесіне алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, мектептің алды, мектептің іші толық безендірілді. Коронтиндік жағдайға байланысты «Бір сынып» ұранымен Жаңа жылдық іс - шара әр сыныпта сынып сағаты ретінде сынып жетекшісімен бірге , ата - аналарды шақырмай өтуде. Бастауыш сыныптың жетекшілері сынып сағаттарын ертегі түрінде өткізді, жаңа жылды қарсы алып, ескі жылды шығарып салды. Кішкентай өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, би билеп, ән салды, Жаңа жылдық қойылымдар қойды. Көзге ерекше түскен 3 - сынып оқушылары Ақшақарлар мен Аяз аталар, би билеп ән салды. 2 - сынып оқушылары «Буратино» киімін киіп, көңілді қойылым қойды. 4 - сынып оқушылары «Санта» киімін киіп жақсы өнер көрсетті. 1 - сынып оқушылары оқушылар Аяз атаға арнап тақпақ айтты. Әр сыныпта әр - түрлі тақырыпта Жаңа жылға арналған сынып сағаттары әр түрлі тақырыпта өтті. Аяз атаны шақыру, ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алу, жаңа жылдық әндер, тақпақтар, билер сынып сағаттарында көрініс тауып жатты.