Ж. Бәрібаев атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау мақсатында біршама жұмыстар жүргізілді.
10.09.2022 жылы «Рәміздерім - мақтанышым» тақырыбында 1 - 6 сыныптар арасында жатқа өлеңдер айтылды.
12.09.2022 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері» тақырыбында слайд жасалынып, 1 - 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне көрсетілді. Сонымен қатар ел рәміздерінің қай жылы қабылданғаны жайлы айтылып, авторларымен таныстырылды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері », «Рәміз дегеніміз не?» тақырыбында ұйымдастырушы - ұстаз Н. Сейсенбаева баяндама оқыды. Баяндаманы оқу барысында Рәміздерде бейнеленген нышандар туралы түсіндірмелер жүргізіліп, оқушылардан «Ел Рәміздері туралы не білеміз?» тақырыбында ауызша сұрақ - жауап алынды.
Оқушылар Мемлекеттік Туда, Елтаңбада бейнеленген нышандар туралы өз білетіндерін ортаға салды. Мемлекеттік Рәміздердің қай жерде орналасатыны жайлы, Ту мен Гимнді жиындарда қолдану тәртібі түсіндірілді. Соңынан «Әнұранды жатқа айта білеміз бе» деген сұрақ туындап ән - әуез пәнінің мұғалімінің сүйемелдеуімен Қ.Р.Гимні орындалды.
Педагог - ұйымдастырушы: Сейсенбаева Н
08 Шілде 2024
Ic - шаралар
Рәміздерді насихаттау
Жаңалыктар
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
-
05 Тамыз 2024
Пайдалы ақпараттық ресурстар