Мектебімізде 2023 жылғы 2 қараша күні әлеуметтік педагог А.Кошкинбаева мектебіміздің Қамқоршылық кеңес мүшелеріне есеп беру жиналысын өткізді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Оқушылардың оқулықпен толық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.
2. Мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылуы.
3. "Мектепке жол" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының ұйымдастырылуы, өткізілуі.
4. Қолдауды қажет ететін отбасы балаларына жаппай оқыту қорынан, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен материалдық көмек көрсету.