09 Шілде 2024
Ата - аналарға

Ата - аналармен жұмыс

Ата - аналар ұымының мақсаты: Барлық мектеп ұжымындағы ұстаздар мен сынып жетекшілермен ата - аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру. Міндеті: Ата - аналармен әңгіме, тест, сауалнамалар, түрлі іс - шараларға қатыстыру арқылы байланыс жасау. Мектеп бойынша әр тоқсан сайын әрбір сыныптарда 4 рет және мектеп бойынша жылына 2 рет ата - аналар жиналысы өтіп тұрады. Ата - аналармен жүргізілген тест, сауалнамаларының бір түрі «Сіз қандай ата - анасыз?» атты тақырыпта және «Сіздің балаңыз оның достары» тақырыптарында барлық сыныптардан сауалнамалар алынып, қорытындысы шығарылды. Мектепте өтетін сыныптан тыс іс - шаралар «Алтын күз», «Ұстаздар мерекесі», «Жаңа жыл» кеші «Наурыз мейрамы», «Мен және менің отбасым» тақырыптарында өткізілген шараларға ата - аналар демеушілік көрсетіп ат салысуда. «Қамқорлық» айлығында ұстаздар, ата - аналар демеушілігімен қор ұйымдастырылып,мектептің көмекті қажет ететін балаларына үлестіріліп, концерттік бағдарламалар беріледі. Ата - аналар жиналыстарында «Бала біздің болашағымыз», «Отбасындағы бала тәрбиесі», «Бүгінгі бала - ертеңгі болашақ» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар