09 Шілде 2024
Ақпарат

"Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер" мектепішілік вебинар

2022 жылдың 10 қазан күні мұғалімдер арасында мектепішілік «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында вебинар өтті. Вебинардың мақсаты: оқушыларға білім беруде жаңа тәсілдерді «Диалогты оқыту әдісі» және «Қалай оқу керектігін үйрету» туралы түсінік беру. Оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы және бағалаудың түрлері туралы теорияялық білім және бағалаудың әр түрлі формалары қамтылуы туралы түсінік беру. Оқытуда оқушылардың сандық сауаттылықтарын арттыру, жаңа технологиялар,компьютер, интернет жұмыс жасауға баулу. Талантты және дарынды оқушыны анықтау, оларды дамытатын тапсырмалардың қамтылуы, сабақтарды қолданылуының маңыздылығын көрсету. Оқу барысында сыныпта жасы кіші оқушыны анықтау, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды беру көзделген, оқушымен жұмыс жасау. Шағын топтарда жұмыс жасату арқылы көшбасшылықты анықтау, оқушыны көшбасшылыққа жетелеу,баланың көшбасшылығын көре білу және үлкен топтарға көшбасшылыққа ұмтылуға бағыттау және оқытуда мұғалімнің көшбасшылығы жайлы мағлұмат беру.
Жалпы мектеп бойынша өткен вебинарда 7 модуль бойынша таныстырылым ұсынылды. Әр оқушының жас ерекшеліктеріне қарай тапсырма дайындау, материал мен ресурстарды қамтамасыз ету жайлы сөз қозғалды. Оқыту барысында білім алушылар арасында көшбасшыларды қалай анықтау керектігі және оларға қалай қолдау көрсету керектігі жайлы айтылды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар