08 Шілде 2024
Ақпарат

І жартыжылдық қорытындысы бойынша оқу - тәрбие жоспарының қорытындысы бойынша ақпарат

Педагог-мамандармен жұмыс жоспары бойынша
Аудан көлемінде Ж.Жабаевтың шешендігін насихаттау мақсатында өткен мұғалімдердің «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Денгелбаева «Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында өз авторлық бағдарламасын жасап ұсынып, аудан көлемінде бірінші орын, облыс көлемінде үшінші орынға иеленді.
Аудандық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» тақырыбында педагогикалық олимпиадаға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Шеңгелбай қатысып, жүлделі 3 - орынға ие болды.
Облыстық «Біз адал елдің ұрпағымыз» тақырыбында өткен бейнесабақтар жарысына өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Журкабаева қатысты.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Рысқалиева мектепішілік «Білімдегі олқылықтарды жою: жоспарлау және жүзеге асыру» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырып,ұстаздар арасында өз тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта осы тақырыпта облыс көлемінде өз тәжірибесімен бөлісуді жоспарлауда.
Оқушылар жетістіктеріне тоқталсақ: аудандық «Дарын» ғылыми жобасына 10 - сынып оқушысы әдебиет пәні бойынша «Бек Тоғысбаев шығармаларындағы ұлттық рух» тақырыбы бойынша Арын Назерке қатысты. Жетекшісі Г.Нурымбетова. 8 - сынып оқушысы Арын Ақерке физика пәнінен «Біздің айналамыздағы физиканың ролі» тақырыбы бойынша қатысып жүлделі 2 - орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алып, алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Г.Казангапова. Аудандық «Тұлпар мініп, ту алған» тақырыбында Едіге батыр жырын жатқа айту сайысына 7 - сынып оқушысы Елшібай Ғайни қатысып, бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңіне жолдама алып, алғыс хатпен марапатталды. 2 - сынып оқушысы Алмасұлы Бекасыл аудан көлемінде өткен Кіші ғылыми академиясы жобасына қатысып, жүлделі екінші орынға иеленді. Жұмыс тақырыбы: «Жергілікті жердегі өсімдіктердің пайдасы». Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі А.Проценко. 8 - сынып оқушылары арасында өткен «Айқанат» олимпиадасына химия пәнінен Алмасұлы Шоқан және география пәнінен Арын Ақерке 1 - кезеңіне қатысты. Жетекшілері Е.Каренеев, Ж.Төлжарасова.
Мектеп бойынша серіктес мектептер арасында жетекші роль атқаратындықтан жетекші А.Косымова жоспар құрып,облыс көлемінде бекітуге ұсынды. Және де магниттік мектептер арасында жүргізілетін жұмыс жоспары да жасалып, бекітуге ұсынылды.
2021 - 2022 оқу жылында аттестаттау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша және мұғалімдердің біліктілік тестілеуінің нәтижесі негізгі ала отырып мектептің математика - физика пәнінің мұғалімі Г.Казанагапованың, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Денгелбаеваның, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Нурымбетованың, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Сейсенбаеваның, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Худайназарованың, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Косымованың, бастауыш сынып мұғалімі А.Уркинбаеваның және «Балдәурен» шағын орталығының аға тәрбиешісі А.Байділдаеваның құжаттарына мектептің аттестаттау комиссиясы тарапынан сараптамалық талдау жасалып аудандық білім бөліміне және облыстық білім басқармасына ұсынылды. Технология пәнінің, дене шынықтыру пәнінің және өзін - өзі тану пәнінің мұғалімдері А.Сармантаев,Г.Журкабаева және Н.Денгелбаевтың құжаттары мектепішілік комиссиясының отырысынында қаралды. Соның нәтижесінде математика - физика пәнінің мұғалімі Г.Казанагапова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Денгелбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Нурымбетова облыстық білім басқармасының шешімі негізінде педагог - зерттеуші, Н.Сейсенбаева,орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Худайназарова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Косымова,бастауыш сынып мұғалімі А.Уркинбаева және «Балдәурен» шағын орталығының аға тәрбиешісі А.Байділдаева аудандық білім бөлімінің шешімі негізінде педагог - сарапшы біліктілігіне өтті. Технология пәнінің мұғалімі А.Сармантаев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Денгелбаев және өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Журкабаева педагог - модератор біліктілік санатын иеленді.
«Зерде» ғылыми жобасына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Рысқалиева 7 - сынып оқушысы Д.Темірбекпен «Фразеологизмы в русской и казахской речи»тақырыбында өз ғылыми жобасын ұсынып,аудан көлемінде бірінші орын иеленіп, ғылыми жоба жұмысы облысқа ұсынылды.
ҚМЖ құру жолдары бойынша мектептің әдістемелік бірлестік жетекшілері бірлестік мұғалімдерімен №472 бұйрықты негізге ала отырып қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру жолдарын талқылап, өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
2021 - 2022 оқу жылында мектептің пән мұғалімдері мектепішілік пән олимпиадасын өткізіп, оза шыққан олимпиаданың 1 - орын иегерлерін аудандық пәндік олимпиа кезеңіне ұсынды.
1. Қазақ тілі пәнінен - 9 сынып оқушысы Орынбасар Әлібек жетекшісі Г.Нұрымбетова.
2. Орыс тілі мен әдебиеті - Амандулла Мадина жетекшісі М.Худайназарова.
3. География пәнінен - 9 сынып оқушысы М.Алимбек жетекшісі Ж.Төлжарасова.
4. Биология пәнінен - 8 сынып оқушысы Ш.Алмасұлы жетекшісі Е.Каренеев.
5. Физика пәнінен - 8 сынып оқушысы Арын Ақерке жетекшісі Г.Казангапова.
6. Қазақстан тарихы пәнінен  - 10 сынып оқушысы Арын Еламан жетекшісі С.Алтынбекова
7. Математика пәнінен - 9 сынып оқушысы Қуат Бақдәулет жетекшісі К.Халыкова.
Педагог - мамандар мен оқушылардың спорт саласы бойынша Республикалық мұғалімдер арасында өткен жарысында Н.Денгелбаев «Футзалдың» 3 - орын иегері, Республикалық Спортшылар журналының «Үздік дене шынықтыру» пәнінің мұғалімі төсбелгісініңоблыстық волейболдан өткен турнирлердің «Үздік либеро» және «Үздік ойыншы» номинацияларының иегері.
Оқушылар арасында өткен «Қол күресінен» 9 - сынып оқушысы Өміржан Жанайым бас жүлде иегері, 7 - сынып оқушысы Алимжанқызы Аружан аудан көлемінде 3 - орын иегері атанды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар